Президент Қазақстан кинологтар одағын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кинологтар одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хельсинкиде өткен "World Dog Show 2025" дүниежүзілік көрмесінде алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылған қазақ тазысы жүлделі орындарға ие болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы қуанышты жаңалыққа орай Қазақстан кинологтар одағына құттықтау жеделхатын жолдады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз