- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын...
Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады
Фото:
Ақорда
Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.
Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина