Президент Канаданың генерал-губернаторын құттықтады

Президент Канаданың генерал-губернаторын құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті бұл айтулы күн Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ, мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget