Президент жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Президент жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көреді.

Бұдан бөлек, Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqorda (@akordapress)

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 28-30 қазан аралығында Түркияға ресми сапармен барған еді. Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізіп, кейіннен Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитіне қатысқан болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай
Logotype Massaget