- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Жоғарғы сот...
Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Фото:
Ақорда
Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Асламбек Мерғалиев:
- сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берді;
- сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндады;
- азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатқанын айтты;
Кездесу соңында Мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина