- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Жоғарғы сот...
Президент Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады
Мемлекет басшысы Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесуде Жоғарғы сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда, сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.
Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.
Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды.
Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндет жүктеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина