Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады

Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданы кешенді түрде көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстары туралы баяндады.

Шаһар басшысының айтуынша, соңғы жылдары Астанада 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды, жыл соңына дейін 170-тен астам аула мен қоғамдық орын, соның ішінде парктер, гүлзарлар мен бульварлар ретке келтіріледі.

Мемлекет басшысына Есіл өзенінің бойында қоғамдық және рекреациялық кеңістіктердің бірыңғай жүйесі қалыптасып келе жатқаны туралы мәлімет берілді. Осы жұмыстар аясында қаланың түрлі бөлігіндегі парктер, серуен және спорт аумақтары тұтас жасыл белдеуге біріктіріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" акциясына қатысты. Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Астанада экологиялық акция өтті. Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғалардың есептерін тыңдады. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" бастамасы жүзеге асырыла бастаған кезден бері 2 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын баяндады. Оның аясында 3,8 миллион тонна қоқыс жиналып, 10 мыңдай қоқыс төгетін орын жойылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget