Президент Жапония императорын құттықтады

Президент Жапония императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев император Нарухитоның игі бастамаларына мол табыс, ал достас жапон халқына бақ-береке тіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз