Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жаңа құрамын бекітті, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Мемлекет басшысы Президенттің 2006 жылғы 1 ақпандағы №56 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды.
Комиссияны кім басқарады?
Комиссия төрағасы болып "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай тағайындалды.
Төрағаның орынбасарлары қызметін Құрылтай депутаты, Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева, кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Назгүл Мақжанова атқарады. Комиссия хатшысы болып гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы Гаухар Нұрахметова бекітілді.
Жаңартылған құрамға кімдер енді?
Ұлттық комиссия құрамына депутаттар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, журналистер, дәрігерлер, психологтер, сарапшылар және білім беру саласының өкілдері енгізілді. Олардың қатарында Зүлфия Байсақова, Ләззат Қалтаева, Айгүл Мүкей, Анар Фазылжан, Жұлдызай Ысқақова және басқа да азаматтар бар.
Комиссияның жаңартылған толық құрамын Ақорданың ресми сайтынан көруге болады.
Жарлық 2026 жылғы 24 қарашада қабылданып, қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Massaget.kz