- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Жәния Әубәкіровамен...
Президент Жәния Әубәкіровамен мәдениет саласының дамуы мен өзекті проблемаларын талқылады
Фото:
Akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының дамуы мен өзекті проблемалары талқыланды.
Жәния Әубәкірова Президентке жеке шығармашылығы мен өзінің авторлық мектебінің жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болған маман музыкалық жоғары білім саласы туралы ой-пікірін жеткізді.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Жәния Әубәкірованың қоғамдық мәселелерге қатысты ұсыныстарын тыңдап, өнер саласындағы бастамаларына сәттілік тіледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан