Мемлекет басшысы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова