Президент жаңа Конституция төңірегіндегі қызу талқыға қатысты пікір білдірді

Президент жаңа Конституция төңірегіндегі қызу талқыға қатысты пікір білдірді
Фото: t.me/consot_kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа Конституцияға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент бұған дейін Конституциялық комиссияның он отырысы өткенін мәлімдеді.

"Комиссия мүшелері түзетулердің аса көптігін ескере отырып, ортақ пайымға келді. "Ата Заңға жекелеген өзгеріс енгізу жеткіліксіз, қазіргі жағдайда жаңа Конституция қабылдаған жөн" деген байлам жасады. Соған сәйкес қаңтарда жаңа Конституцияның алғашқы нұсқасы жарияланды. Бұл бастама қоғамның айрықша назарын аударды. Мен мұны өте жақсы үрдіс деп санаймын", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, азаматтар Конституция жобасының түрлі баптарын қызу талқылап жатыр.

"Қоғамның саяси мәдениеті және белсенділігі артып келеді. Бұл – менің саяси бағдарымда көрсетілген негізгі міндеттердің бірі. Еліміз үшін "Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт" және "плюрализмге ашықпыз, экстремизмнен қашықпыз" қағидаттары өте маңызды. Сол арқылы қоғамдық диалог дамуына, еліміз үздіксіз алға басуына жол ашылады. Қазірдің өзінде бір нәрсені күмәнсіз айтуға болады: жұртшылық назарына мүлде жаңа құжат ұсынылып отыр. Бұл құжат мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түскенін, яғни сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді", - деді Тоқаев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget