Президент жаңа жылу электр орталығына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа жылу электр стансасы Мемлекет басшысының оңтүстік өңірлерде халық пен экономика сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салынды.
Орталық 240 мегаватт электр қуатын және 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді.
Жобаның жалпы құны – 215 миллиард теңге. Жылу электр стансасы түркиялық Aksa Energy компаниясының инвестициясы есебінен бой көтерді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!