Президент “Халықтық құрылыс“ бағдарламасын бақылайтын комиссия құрамын бекітті

Мемлекет басшысы "Халықтық құрылыс" бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті, – деп хабарлайды Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік комиссияның міндеті – Бағдарлама жобаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдерге, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.

Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады.

Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекел деңгейі жоғары жобаларды анықтайды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысына жүргізілген мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсандық және жылдық есеп ұсынылады.

Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді.

Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.

«Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ
•Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы, Комиссия төрағасы
•Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Комиссия төрағасының орынбасары
•Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы
•Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
•Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
•Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
•Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
•Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
•Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
•Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының төрағалары
Аты-жөніЛауазымы
Аймұрзина Айнұр Жеңісбекқызы«Dos.co» жеке меншік қорының директоры
Айтуғанов Қайрат ҚапарұлыҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
Антоненко Андрей ИвановичҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, дипломатиялық қызмет ардагері
Байрамуков Ислам ИльясовичҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы қарашайлар мен балқарлардың этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, XXVII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері
Баткеев Біржан Бақытбекұлы«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
Бекбауов Нұрбек Серікұлы«Qazaqstan» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі
Беркімбаев Берік СерікұлыҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі
Годунова Наталья НиколаевнаҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрағасы
Есімханов Сұңғат ҚуатұлыҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары
Жүсіпов Бекмұрат ҚыдырбайұлыҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
Захарчук Вера Николаевна«24.kz» телеарнасындағы «Народная стройка» бағдарламасының журналисі
Зенченко Геннадий ГеннадьевичҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және компания» коммандиттік серіктестігінің бас директоры
Изюмников Владимир Николаевич«Жаңа адамдар» жастар қозғалысы» жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы
Исмаилов Акбаржон ЯхияхожаевичҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Тәжіктердің республикалық этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Каринова Шолпан ТаңатқызыҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
Ким Вера АлександровнаҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
Күнәділов Төлеген НығыметжанұлыҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Астана қаласының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
Кучинская Юлия ВладимировнаҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызыжурналист, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
Қалтаева Ләззат МолдабекқызыҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі
Қасымбаев Мейірхат МейрамханұлыҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің мүшесі
Қожаев Марат ШәдетханұлыҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Лукин Андрей ИвановичҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері
Манжанова Ирина Рихардовна«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі
Мусин Манат АйтбайұлыҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
Нұралдинов Олжас ЕлтайұлыҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшесі
Перепечина Ольга ВалентиновнаҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы
Пономарёв Сергей МихайловичҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі
Сағынов Замир СадықұлыҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің мүшесі
Тамабек Әбілхайыр ҒалымұлыҚазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі
Ташқынбаев Ренат Фаритұлыжурналист, ақпарат шолушысы, YouTube арнасындағы «Другие места» жобасының авторы және жүргізушісі
Үлжекова Нұргүл ТөленқызыҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының басшысы
Шин Андрей Антоновичкәсіпкер, «Шин-Лайн» компаниялар тобының негізін қалаушы
Шиповских Геннадий ГеннадиевичҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі
Шони Риат Жабайұлы«24.kz» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі
Шөжеева Азиза Тимурқызы«GovTech & AI Foundation» қоғамдық қорының басшысы, «TechnoWomen Non-profit Organisation» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы
Шөнеев Сәлімбай ЕгембердіұлыҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестерді үйлестіру орталығының төрағасы
Шыңғысбаева Ләззат АлтынбекқызыҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы