Мемлекет басшысы "Халықтық құрылыс" бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті, – деп хабарлайды Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Жарлыққа қол қойды.
Мемлекеттік комиссияның міндеті – Бағдарлама жобаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдерге, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.
Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады.
Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекел деңгейі жоғары жобаларды анықтайды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысына жүргізілген мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсандық және жылдық есеп ұсынылады.
Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді.
Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді.
| Аты-жөні | Лауазымы |
|---|---|
| Аймұрзина Айнұр Жеңісбекқызы | «Dos.co» жеке меншік қорының директоры |
| Айтуғанов Қайрат Қапарұлы | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі |
| Антоненко Андрей Иванович | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, дипломатиялық қызмет ардагері |
| Байрамуков Ислам Ильясович | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы қарашайлар мен балқарлардың этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, XXVII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері |
| Баткеев Біржан Бақытбекұлы | «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
| Бекбауов Нұрбек Серікұлы | «Qazaqstan» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі |
| Беркімбаев Берік Серікұлы | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі |
| Годунова Наталья Николаевна | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрағасы |
| Есімханов Сұңғат Қуатұлы | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары |
| Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы |
| Захарчук Вера Николаевна | «24.kz» телеарнасындағы «Народная стройка» бағдарламасының журналисі |
| Зенченко Геннадий Геннадьевич | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және компания» коммандиттік серіктестігінің бас директоры |
| Изюмников Владимир Николаевич | «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы» жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы |
| Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Тәжіктердің республикалық этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы |
| Каринова Шолпан Таңатқызы | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі |
| Ким Вера Александровна | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы |
| Күнәділов Төлеген Нығыметжанұлы | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Астана қаласының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы |
| Кучинская Юлия Владимировна | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі |
| Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы | журналист, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры |
| Қалтаева Ләззат Молдабекқызы | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі |
| Қасымбаев Мейірхат Мейрамханұлы | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің мүшесі |
| Қожаев Марат Шәдетханұлы | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы |
| Лукин Андрей Иванович | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері |
| Манжанова Ирина Рихардовна | «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі |
| Мусин Манат Айтбайұлы | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі |
| Нұралдинов Олжас Елтайұлы | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшесі |
| Перепечина Ольга Валентиновна | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы |
| Пономарёв Сергей Михайлович | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі |
| Сағынов Замир Садықұлы | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің мүшесі |
| Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы | Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі |
| Ташқынбаев Ренат Фаритұлы | журналист, ақпарат шолушысы, YouTube арнасындағы «Другие места» жобасының авторы және жүргізушісі |
| Үлжекова Нұргүл Төленқызы | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының басшысы |
| Шин Андрей Антонович | кәсіпкер, «Шин-Лайн» компаниялар тобының негізін қалаушы |
| Шиповских Геннадий Геннадиевич | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі |
| Шони Риат Жабайұлы | «24.kz» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі |
| Шөжеева Азиза Тимурқызы | «GovTech & AI Foundation» қоғамдық қорының басшысы, «TechnoWomen Non-profit Organisation» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы |
| Шөнеев Сәлімбай Егембердіұлы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестерді үйлестіру орталығының төрағасы |
| Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы | Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы |