Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік министрі Марат Қарабаевпен кездесуінде ішкі және халықаралық рейстердің санын арттыруды тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысы Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдету, Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейту, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту, ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейту, көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова