Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесті

Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық ұйым басшыларымен кездесіп, Орталық Азиядағы негізгі экологиялық бастамаларды іске асыру жолдарын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке қатысып, қолдау көрсеткені үшін делегаттарға алғыс айтып, олардың мол тәжірибесі ортақ мәселелердің шешімін табуда нақты тәсілдерді ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Президент еліміз орнықты дамуды қамтамасыз ету және биоалуантүрлілікті қорғау бойынша халықаралық институттардың қызметіне баса мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан өңірлік және жаһандық деңгейде экологиялық жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыруды жақтайды.

Еліміздің жаңа Конституциясында қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget