Президент Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.

Көлік-транзит, энергетика және туризм секілді бағыттарға басымдық бере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсарына айрықша назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға келісті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget