- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент еуропалық университеттерге...
Президент еуропалық университеттерге Қазақстанда бөлімшесін ашу туралы ұсыныс жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еуропалық университеттерге Қазақстанда бөлімшесін ашу туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Осы жылдың наурыз айында Microsoft компаниясының Қазақстанда озық технологияларды тарту орталығына айналатын көп өңірлік хаб ашқаны туралы жарияланды. Біз 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары білікті IT-мамандар даярлау міндетін қойдық. Сондықтан еуропалық университеттерді Қазақстанда, оның ішінде Astana Hub технопаркі базасында маңызды өңірлік it-алаңға айналатын бөлімшелерін ашуға шақырамын.
Жалпы, біз цифрландыру саласындағы өз жұмысымызды кеңейтуді және өңірлік деңгейде өз тәжірибемізбен бөлісуді жоспарлап отырмыз", - деді Президент Қырғызстанда өтіп жатқан кездесуде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина