Президент Еркін Ботақановты қызметінен босатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Еске салайық, Еркін Ботақанов бұған дейін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы қызметін атқарған.
Ол 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Үш жоғары әскери білімі бар.
1987 жылы Конев И.С. атындағы Алматы жоғары құрама әскерлер училищесін бітірген.
2003 жылы ҚР Қарулы күштерінің әскери академиясын тәмамдаған.
2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы шілдеге дейін Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясында білім алған.
ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған. Сонымен қатар 2009 жылдың мамырында Еркін Ботақановқа генерал-майор шені берілді.
Ботақановтың орнына Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз