Президент энергетика министрін тағайындады

Президент энергетика министрін тағайындады
Фото: primeminister.kz

Президент энергетика министрін тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ерлан Ақкенженов туралы не белгілі?

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әділет жоғары құқық мектебін және Астана университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.

2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.

2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2022 жылғы шілдеден бастап 2023 жылға дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.

2023 жылы энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

2025 жылы энергетика министрі лауазымына тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget