Президент елорданы көгалдандыру жоспарымен танысты

Президент елорданы көгалдандыру жоспарымен танысты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан аса түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар, 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді.

Бұл жұмыстар шаһардың тарихи көшелерінде, Президент саябағында, Үкімет үйінің айналасында, Есіл өзенінің жағалауында, "Мыңжылдық" аллеясында, Триатлон паркінде, Greenline бульварында, Желілік саябақта, вокзал маңы мен Иллюзия паркінде, Сығанақ, Ш.Қалдаяқов, Гете, Біржан сал және басқа да көшелердің бойында жүргізіледі.

Сондай-ақ, Ақбұлақ өзенінің арнасын тазалау жалғасады. Келесі айда "Қазақстан" спорт кешенін жаңғырту жұмыстары басталады.

Астанада ағаштарды құжаттандыру және цифрландыру арқылы есепке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget