- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент экс-сенатор Ләззат...
Президент экс-сенатор Ләззат Қалтаеваға ризашылық білдірді
Президент экс-сенатор Ләззат Қалтаеваға Парламенттің жоғары палатасындағы белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылық білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Президент оның тәжірибесі мен білімі еліміздің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі дамытуға үлес қоса беретініне сенімді екенін атап өтті.
Еске салайық, Тоқаев 4 қазанда сенатор Ләззат Қалтаеваның өкілетін тоқтатқан еді.
Ләззат Қалтаева 1965 жылы 4 ақпанда дүниеге келген.
2001 жылы "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығын басқарды.
2006 жылдан бері Алматы мүгедектер ұйымдары қауымдастығының төрағасы. Сол жылы Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды.
2016 жылы Алматы мәслихатының депутаты болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан