- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Драупади Мурмуды...
Президент Драупади Мурмуды Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото:
akorda.kz
Мемлекет басшысы Үндістан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмуды Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент Үндістанның елеулі экономикалық жетістіктерін, әлемдегі бейбітшілікті нығайту және орнықты даму ісіндегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген ұзақмерзімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмудың барлық бастамасына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан