Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр, мемлекеттік органдар басшылары, облыстар әкімдерімен кездесуінде дін саласындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол дәстүрлі Исламды дәріптеу маңызды екенін мәлімдеді.
"Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл - өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!