Президент бірнеше елшілікте тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Біріккен Танзания Республикасындағы, Мозамбик Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз