Президент бірқатар адамға арнаулы атақ берді

Мемлекет басшысы "Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вице-адмирал әскери атағы Борамбаев Серік Жақсығалиұлына берілді.

Генерал-майор әскери атағы Довганюк Анатолий Андреевичке, Исабеков Алмас Тынышбекұлына, Камалов Рамиль Фаткуловичке, Манап Дәурен Мұхтарханұлына, Маралов Жеңіс Мұхамедқалиұлына берілді.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Бартенев Денис Валерьевичке, Құсайынов Нұржан Маратұлына, Сауранбаев Саят Әбуғалиұлына, Тоқтамысов Асхат Байбатырұлына, Ыбыраев Рустам Жиянұлына берілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Төреханов Роман Алмаханұлына берілді.

Ақорда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы Мақажанов Ернар Әбсейітұлына, Рахымов Арман Тастемірұлына берілді.

Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Абдыханов Қуат Аманбекұлына, Югай Андрей Анатольевичке берілді.

Полиция генерал-майоры арнаулы атағы Аяғанов Сағындық Күзембайұлына, Әленов Бауыржан Төлегенұлына, Әлиев Қайыркен Жетпісбайұлына, Құсайынов Сарқытбай Зәкірұлына, Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлына берілді.

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Ақылбеков Дәулет Ертайұлына, Басшыбаев Мадияр Бекенұлына, Кәріпбеков Серік Ақмырзаұлына, Садырбеков Ғабит Амангелдіұлына берілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!