- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Президент болғанын көргенде,...
"Президент болғанын көргенде, қатты таңғалдым". Тоқаевты қытайлық ұстазы мақтады
Бейжің лингвистикалық институтының профессоры, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстазы Лю Шицинь Президентке баға берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Әділ Балтабаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Лю Шицинь Қазақстанның болашақ Президентіне 1983-1984 жылдары Бейжің лингвистикалық университетінде қытай тілінен сабақ берген.
"Жаңалықтардан оның Президент болғанын көргенде, қатты таңғалдым. Бұл жаңалықты туыстарыма, достарыма айттым. Кейбіреулер "шын ба, өтірік пе" деп сұрады. Телефонымда оның біздің университеттің студенті болып жүрген суреті бар. ...Ол Мемлекет басшылары арасында қытай тілінде тамаша сөйлейді", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқытушысы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Журналист Әділ Балтабаев Президенттің студенттік картасын да жариялады.
"Бейжің Тіл және мәдениет университетіне барған кезде Мемлекет басшысына студенттік құжаттары көрсетілді. Президенттің бағалары. Пәндер бойынша: 92-90-91, 89-90-87 (мүмкін болған 100-ден)", - деп жазды журналист.
Журналист Әділ Балтабаевтың Telegram арнасынан
Еске салайық, бұған дейін Президент Бейжің лингвистикалық институтында тағылымдамадан өткен кезінде өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен әңгімелескені хабарланған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова