Биыл Мемлекет басшысы 95 заңға, 388 жарлыққа, 80 өкімге, 22 отырыс хаттамасына, 3504 қызметтік құжатқа қол қойды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олардың қатарында Бюджет, Салық, Су кодекстерінің жаңа редакциялары мен "Жасанды интеллект туралы" заңды ерекше атап өтуге болады.
Сонымен қатар, Президент "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңға, "Алатау қаласына даму қарқыны озық қала" арнаулы мәртебесін беру туралы" жарлыққа қол қойды.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімдері экономикалық өсімнің жаңа ортасын қалыптастыруды, Түркістанды мәдени-туристік орталыққа, ал Алатау қаласын жоғары технологиялық индустриясы бар, іскерлік хабқа айналдыруды көздейді", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!