Мемлекет басшысы Премьер-Министрді қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олжас Бектенов:
еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады:
– биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналды;
– Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған;
– орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр. Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық;
– шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр.
су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берді:
– бүгінге дейін 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті;
– 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!