Мемлекет басшысы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің мәліметінше:
- ірі бизнесті қаржыландыру көлемі 114,4 миллиард теңгені құраған;
- "Даму" қоры 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсеткен;
- жыл басынан бері "Отбасы банкі" 29 мың отбасының баспаналы болуына көмектескен;
- бірінші жартыжылдықта баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасы бойынша 9 мыңнан астам өтінімді мақұлдап, І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсеткен;
- "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жыл басынан бері 271 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілді. Биыл 3,5 млн гектар жерге егін егілген. Бұл – еліміздегі барлық егіс алқабының 15 пайызы;
- азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген;
- аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70 пайыздан астамы "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға тиесілі.
Президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!