- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент басы дауға...
Президент басы дауға қалған облыс басшысын жұмыстан қуды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ош облысының басшысын даулы видеодан кейін жұмыстан шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
"Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша Ош облысы басшылығының қызметін тексеру жөніндегі тиісті комиссия құрылды, оның нәтижелері бойынша бұзушылық фактілері анықталды. Сондықтан бірқатар басшыны атқаратын лауазымдарынан босату туралы ұсыныс енгізілді", - делінген хабарламада.
Қырғызстан президентінің өкімімен қызметінен босатылғандар:
Ош облысындағы Президенттің өкілетті өкілі Зиядин Жамалдинов;
Ош облысы Президентінің өкілетті өкілінің орынбасары Данияр Жанықұлов;
Мемлекеттік әкімшілік басшысы - Ош облысы Қара-Суй ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев.
Ош облысындағы Президенттің өкілетті өкілі болып Эльчибек Жантаев тағайындалды.
басылым мәліметінше, әлеуметтік желіде Ош облысы басшысының орынбасары Данияр Жанықұлов пара алды деген видео тараған болатын. Кадрда Қара-Суй ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев та бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина