- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақорда туралы
Президент бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марат Омаров ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың нәтижелері туралы есеп берді; негізгі тауар нарықтарында шоғырлану деңгейін төмендету және "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа сәйкес жекешелендіру бағытында атқарылған жұмыстар жайында баяндады.
Агенттік монополияға қарсы 97 істі тергеп-тексеруді аяқтаған.
Сонымен қатар 2025 жылға арналған жоспарды таныстырып, монополиялық нарықтардағы бағаға бақылауды күшейту, тергеп-тексерулер мен нарықты талдаудың тиімділігін арттыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленген.
Агенттіктің цифрлық экожүйесін құру мен дамыту жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл жасанды интеллект технологияларына негізделген ақпараттық-сараптамалық жүйені, цифрлық портал мен талдау құралдарын қамтиды.
Кездесу соңында Президент бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова