- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Бас прокурордың...
Президент Бас прокурордың жұмысына "өте жақсы" деген баға берді
Ақордада өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Бүгiн айтылғандарды халыққа жеткiзiп, «Мiнеки, мемлекеттiң жағдайы осындай, күш-қуаты мынадай» деп түсiндiретiн болсақ, халықтың ризашылығына ие боламыз. Жалпы, барлық мәселе түсiндiруге келiп тiреледi. Прокурордың шешiмiмен (ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов – автор ескертпесi) облыстарға барып, болып жатқан ахуалды, террористерге қатысты жағдайды түсiндiрген кезде, барлығы «осы екен ғой» деп шалқасынан түседi. Өте жақсы жұмыс істеп жатсың. Осыны әрi қарай жалғастыру керек», - дедi Президент.+
Мемлекет басшысы отырысты қорытындылай келе, алда үлкен жұмыс күтiп тұрғанын тағы да атап өттi.
«Бүгiн тапсырмалар бердiм. Бүгiн-ертең Үкiметтiң құрамы жасақталып, тағайындалып, жұмысқа кiрiсетiн болады. Бiрiгiп, елiмiзге, халқымызға жұмыс iстейiк. Сәттiлiк тiлеймiн», - дедi Н.Назарбаев.
Айта кетейiк, бүгiн Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өттi. Жиында биылғы жылдың 8 айындағы елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы уақыттағы маңызды мақсат-мiндеттер айқындалды.