Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масатсугу Асакавамен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесу барысында Азия даму банкінің Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылдығы атап өтілетініне тоқталып, еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін банк басшылығына алғыс айтты.
Өз кезегінде Масатсугу Асакава Президентке қаржы институтының 2023-2027 жылдарға арналған Қазақстанмен серіктестік стратегиясы жөнінде мәлімет берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!