Президент авиаотын мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды

Бүгін Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент авиаотын мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды. Мемлекет басшысының пікірінше, саланы дамытуда негізгі екі мәселе бар. Бұл - баға жоғары болуы және ішкі өндіріс көлемінің жеткіліксіздігі.

"Ең әуелі, алдағы үш жылда еліміздің ішкі өндіріс көлемін арттыру, импортты әртараптандыру керек. Ақылға қонымды бәсекелестік сақталуға тиіс. Реттеу ісіндегі барлық өзгеріс кезең-кезеңімен әрі нақты, отынды тұрақты жеткізуге кедергі келтірмей іске асырылуы қажет. Жұмыс істеп тұрған ұйымдар базасында авиация ғылыми-зерттеу институтын құрған және отынды сертификаттау зертханасын ашқан жөн. Үкіметке монополияға қарсы органдармен бірге бұл мәселелерді шешу бойынша тез арада кешенді шара қабылдауды тапсырамын", – деді Мемлекет басшысы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!