Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты.

Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова