“Президент әуел бастан хабардар болды“ – Ақорда “Самұрық-Қазына“ ісіне қатысты тергеу туралы

“Президент әуел бастан хабардар болды“ – Ақорда “Самұрық-Қазына“ ісіне қатысты тергеу туралы
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент "Самұрық-Қазына" қоры және "Қазақстан темір жолы" компаниясының басшыларына қатысты тергеуден әуел бастан хабардар болған. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Смадияровтың айтуынша, "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшыларының ісіндегі жемқорлық сипаты еш күмән тудырмайды. Оны тергеу шаралары кезіндегі фигуранттардың әрекеті растаған.

"Президент жүргізіліп жатқан тергеу амалдарынан әуел бастан хабардар болды. Мемлекет басшысының жемқорлыққа қарсы күреске қатысты берік ұстанымы өзгермейді", - деді Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы.

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшылығы ұсталуы

12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Елжас Отыншиевті және басқа да тұлғаларды ұстағанын ресми түрде растады.

Ресми мәлімет бойынша істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҰҚК соталды тергеу барысы туралы басқа ақпаратты бұған дейін хабарламаған болатын.

Нұрлан Жақыпов "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы болып 2023 жылы сәуірде тағайындалған болатын. Елжас Отыншиев ҚТЖ басқарма төрағасы болып биыл шілдеде тағайындалған еді.

О. Сансызбай
Logotype Massaget