Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың дамуы туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алайда үлкен көрсеткіштер қаланың үйлесімді дамуымен үнемі сәйкес келе бермейді. Менің ойымша, мегаполистердің табысты болуының басты көрсеткіші оның тұрғындарының тұрмыс сапасымен өлшенуге тиіс. Сондықтан елорданы дамыту және абаттандыру кезінде біз "адам қала үшін емес, қала адам үшін" қағидатын басшылыққа аламыз.
Адамға бағдарланған мұндай ұстаным мүлде басқа стратегиялық мақсатты көздейді. Қала әкімдігі, ең алдымен, тұрғындардың мүддесі мен қажетін басшылыққа алады. Астананың барша тұрғыны мен қонақтары үшін қалада барынша қолайлы орта қалыптастыру - аса маңызды мәселе. Біз бәріне тең мүмкіндік берілетін қоғам құру жолын таңдадық және осы бағытта дамып келеміз. Сондықтан өзара жауапкершілік пен азаматтық ынтымақтастыққа негізделген инклюзивті дамуға айрықша мән береміз", - деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, бүгін Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумы өтіп жатыр.
Астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болды - Тоқаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!