Президент астаналық университетке көрнекті ғалым Төрегелді Шармановтың есімін беруді ұсынды

Президент астаналық университетке көрнекті ғалым Төрегелді Шармановтың есімін беруді ұсынды
Фото: kaznmu.edu.kz

Мемлекет басшысы салалық жоғары оқу орындарына көрнекті медицина қайраткерлерінің есімін беру туралы бастаманы құптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

"Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған "Астана медицина университеті" цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет осы оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын. Сонымен қатар, астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беру орынды болар еді. Мұның символдық мәні де зор", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Президент Қарағанды медициналық университетіне осы оқу орнының негізін қалаған әрі оны көп жыл бойы басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің атын беру туралы Үкімет пен медициналық қоғамдастықтың бастамасын қолдады.

"Белгілі Қарағанды медицина мектебінің бастауында тұрған әйгілі тұлғаның 125 жылдығы қарсаңында мұндай шешім қабылдануы – тарихи әділеттілік", - деді Мемлекет басшысы.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget