Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ренат Бектұров АХҚО-ның былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелері баяндап, орталықты дамыту жоспарын таныстырды.
Президент Қаржы орталығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар өзекті міндетті айқындап берді. АХҚО-ның өңір үшін жасыл қор тарту және орта дәлізді дамыту ісіндегі роліне тоқталды. Еліміздегі "жасыл" облигациялар мен кредиттердің 60 пайыздан астамы АХҚО Жасыл қаржы орталығының қолдауымен берілді. Қаржы орталығының юрисдикциясында орта дәліз жобасы аясында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда мәмілелер жасау үшін АХҚО инфрақұрылымын белсенді пайдалана отырып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға көмектесетін барлық мемлекеттік орган мен оған жетекшілік ететін қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру қажет екеніне назар аударды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!