- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент "Астана" халықаралық...
Президент "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады
Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ренат Бектұров АХҚО-ның былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелері баяндап, орталықты дамыту жоспарын таныстырды.
- Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан аса (2023 жылғы және осы жылдың алғашқы 3 айындағы 3,5 миллиард доллар қаржыны қоса алғанда) инвестиция тартуға атсалысқан. Бұл 2025 жылға алдын ала белгіленген мақсатты көрсеткіштен асқан;
- Былтыр АХҚО-да тіркелген компаниялардың саны 670-тен (жалпы әлемнің 78 елінен 2600-ден аса компания) асқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл - рекорд көрсеткіш.
- Былтыр және биылғы үш айда орталық қатысушылары мемлекет бюджетіне 48,7 миллиард теңге салық төлеген;
- дауларды шешуде АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы сияқты институттар табысты жұмыс істеп жатыр. 2023 жылы 767 коммерциялық іс қаралған.
Президент Қаржы орталығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар өзекті міндетті айқындап берді. АХҚО-ның өңір үшін жасыл қор тарту және орта дәлізді дамыту ісіндегі роліне тоқталды. Еліміздегі "жасыл" облигациялар мен кредиттердің 60 пайыздан астамы АХҚО Жасыл қаржы орталығының қолдауымен берілді. Қаржы орталығының юрисдикциясында орта дәліз жобасы аясында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда мәмілелер жасау үшін АХҚО инфрақұрылымын белсенді пайдалана отырып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға көмектесетін барлық мемлекеттік орган мен оған жетекшілік ететін қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру қажет екеніне назар аударды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова