- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Астана әкімдігінің...
Президент Астана әкімдігінің жұмысын сынады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астана әкімдігінің жұмысын сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент бас қаланы дамыту жөнінде жиында тұрғын үй құрылысы саласында көптеген мәселе жинақталып қалғанын айтады.
"Инженерлік инфрақұрылымның жетіспеуіне байланысты әкімдік тұрғын үй құрылысының қарқынын біртіндеп төмендетуді ұсынады. Сонымен қатар, елордада туу деңгейі жоғары және көші-қон ағыны көп. Құрылыс қарқыны төмендеген кезде 30 мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Мұндай проблемалардың алдын алу үшін қаланың дамуын жүйелі жоспарлау қажет. Бұл мәселеде, өкінішке орай, елеулі олқылықтар сезіледі", - дейді Мемлекет басшысы.
Тоқаев Астана тұруға ыңғайлы қалаға айналуы керегін атап өтті.
"Ең алдымен, қалалық ортаны дамыту тұжырымдамасын қайта қарау керек. Бүгінде қалада саябақтар жетіспейді, тұрғындардың жайлы серуендеуі мен демалуы үшін орындар аз. Өкінішке қарай, әкімдік бұл мәселемен айналысудың орнына нысандарды салуға рұқсат берумен айналысып жүр. Бос жер учаскесінде тұрғын үй кешені бірден пайда болады. Ал көбірек қоғамдық кеңістіктер, жасыл кеңістіктер және жаяу жүргіншілер көшелері қажет. Қаланы жоспарлау кезінде мұның бәрін алдын ала ескеру қажет", - дейді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина