- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент әскери ұшқыштардың...
Президент әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өсетінін айтты
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өсетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады.
Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралуда. Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек", - деді Тоқаев Бүкілармиялық кеңес отырысында.
Еске салайық, бүгін Тоқаевтың төрағалығымен Бүкілармиялық кеңес отырысы өтіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина