- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- марапат
Президент Алматыда мүгедек жанға көмектескен автобус жүргізушісін марапаттады
![Президент Алматыда мүгедек жанға көмектескен автобус жүргізушісін марапаттады](/userdata/news/news_124025/image_l.jpg)
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы автобус жүргізушісін "Шапағат" медалімен марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының қоғамдық көлік жүргізушісі Қанат Ахметовті әлеуметтік және қоғамдық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі үшін "Шапағат" медалімен марапаттады", - делінген хабарламада.
Марапатты қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыс етіп, Қанат Ахметов 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған жылы осындай марапатқа ие болған алғашқы еңбек адам екенін атап өтті.
Еске салайық, төрт бала тәрбиелеп отырған Қанат Ахметов "Алматыэлектротранс" кәсіпорнында №66 маршрутта жүргізуші болып жұмыс істейді. Ол әлеуметтік желілерде мүгедек арбасындағы жолаушыға көмек көрсетіп, автобусқа көтеру құрылғысы арқылы кіргізгені үшін танылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова