Президент Алғыс айту күніне арналған салтанатты шараларға қатысады
Фото:
massaget.kz
1 наурызда Қазақстан Президенті Алғыс айту күніне арналған салтанатты шараларға қатысады, − деп хабарлайды Ақорда.
Мереке күні Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездеседі деп жоспарланып отыр. 2 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларын қабылдайды.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін