Президент әлеуметтік жеңілдіктерді кімдер пайдаланып жүргеніне тоқталды

Мемлекет басшысы "Қазақстан халқына" қорының жұмысын еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Таза Қазақстан" акциясына қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

"Айтпақшы, менің ұсынысыммен құрылған "Қазақстан халқына" қорын ұмытпағанымыз жөн. Аталған қор көп көмек көрсетеді, әсіресе ауыр дертке шалдыққан балаларға қол ұшын созады", - деді Тоқаев.

Өз сөзінде Президент дәрігерлердің мәліметі бойынша, мұндай жеңілдіктерді өткен ғасырдағы соғыстар мен қақтығыстарға, апаттарды жоюға қатысқан "ардагерлер" пайдаланып жүргенін атап өтті.

"Бұл оқиғалардың бәрі тарих қойнауына кетті, бірақ, неге екені түсініксіз, ардагерлер жасара береді", - деп толықтырды ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!