Президент Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының пікірінше, Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді.
"Қаланы ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы жарлықты он күн ішінде әзірлеу керек. Содан кейін жарты жылдан асырмай, жеке заң қабылдау қажет. Құжатта қаланы басқару режимі, оның қаржылық моделі және басқа да маңызды мәселелер қамтылуға тиіс. Арнайы құқықтық мәртебе қалаға берілетін артықшылық емес, жобаның қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асуына қажетті шара немесе құрал екенін айта кеткен жөн. Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс. Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек. Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табуы қажет", - деді Тоқаев бұған дейін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!