- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президент Ақтөбе облысындағы...
Президент Ақтөбе облысындағы спорт кешенінің жұмысымен танысты
Мемлекет басшысының Ақтөбе облысына жұмыс сапары Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысудан басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл нысанның жалпы аумағы 1048 шаршы метр. Мұнда спорттың бірнеше түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрес залы мен шағын футбол алаңын аралап көрді.
Президент спорт кешенінде жас спортшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев спортпен шұғылданудың маңыздылығына назар аударды. Спорт адамның көзқарасын түзейді. Әсіресе жастарға күш-жігер береді.
Мемлекет басшысы футболға қолдау көрсетілетініне тоқталып, аталған спорт түрінің болашағына сеніммен қарайтынын жеткізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина