Президент әкімшілігінде өзгерістер болды

Президент әкімшілігінде өзгерістер болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Президент әкімшілігінде өзгерістер болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.

Ал Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Абай Алтай мен Ербол Адаев туралы не белгілі?

Айта кетейік, Ербол Адаев 2025 жылғы 17 ақпаннан бастап бүгінге дейін Президент әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келдә. Ол "Әділет" партиясы атынан Құрылтай депутаты болды.

Абай Алтай 2023 жылғы 7 маусымда Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалған еді. Ол бұл қызметтен 2026 жылғы 27 тамызда босатылды. Абай Алтай да "Әділет" партиясынан Құрылтай депутаты болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget